ШИШАЦКИЙ Василий Васильевич (16.11.1947, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. Бугров а.) – еңбек ардагері. Целиноград ауыл ш. ин-тын бітірген (1965). “Новогеоргиевский” кеңшарында механик, МТШ меңгерушісі, Ленин атынд. ұжымшардың бас инженері, Қызылжар ауд. “Рощинский” кеңшарының директоры болған. 1980-90 ж. Аққайың және Мамлют аудандары партия к-тінің 2-хатшысы, Шымкент обл. партия к-тінің хатшысы, осы облыстың партия к-тінің 2-хатшысы, 1990 жылдан “Қазауылшартехника” МТШ-ның Бас басқармасында бастығының орынбасары, Ауыл ш. мин-нің Сервис және инженерлік жабдықтау к-тінің бастығы. Ауыл ш. министрінің орынбасары, 1997-99 ж. Солт. Қазақстан обл. Ауыл ш. департаментінің бастығы қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бері Солт. Қазақстан обл. тәртіптік кеңесінің төрағасы. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.