ХАСАНОВ Андрей Надимович (1962, Петропавл қ.) – суретші. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1993). 1995 ж. Омбы мемл. пед. ин-тының суретші-график бөлімін бітірген. Басты шығармалары: “Таң алдындағы геометриялық түс” (1988), “Сырттай байқаудың үзілуі” (1989), “Ощущение присутствия” (1989), “Сюрримпрессия” (1991), “Структурное” (1995). Обл. және респ. байқауларға қатысқан.