Утин Мекеш Жұмабекұлы

УТИН Мекеш Жұмабекұлы (16.10.1950. Солт. Қазақстан обл. қазіргі М.Жұмабаев ауд. Ворошилов с.) – ғалым. Халықар. Ақпараттандыру академия-сының академигі. ҚР Инженерлік академиясының корр. мүшесі. 1978 ж. М.Ломоносов атынд. ММУ-тін бітірген. 1978-80 ж. Қазақ КСР Ауыр құрылыс мин-нің “Алматықұрылыс” тресінде экономист, аға экономист. 1981-82 ж. “Алматыоргтехқұрылыс” тресінің мердігерлік бригадасын енгізу және экономика бөлімінің бастығы. 1982-85 ж. бөлім бастығы. Қазақ КСР Ауыр құрылыс мин-нің бас эконом. жоспарлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1985-87 ж. “Алматымәденитұрмысқұрылыс” тресінің эконом. мәселелер жөніндегі бастығының орынбасары. 1987-94 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесі жанындағы “Басалматықұрылыс” бастығының орынбасары, 1994-2000 ж. випе-президент. 2000 жылдан “Алматықұрылыс” ұлттық холдинг компаниясы ААҚ-нын бірінші вице-президенті. У. Қазақстан Құрылысшылары қауымдастығы төрағасының орынбасары. Ғыл. жұмыстармен айналысқан. Бірнеше ғыл. мақала мен жұмыстардың авторы. Медалмен марапатталған. У. “Алматықұрылыс” ҰХ компаниясы жанындағы – “Ардагер”, “Жарылғап батыр” қорларының, “Бозторғай” балалар қорының қызметіне жетекшілік етеді. Респ. айтыстардың жеңімпаздарына берілетін Е.Асқаров атынд. сыйлықты ұйымдастырушы.

Х. Баймен