Токарев Федор Леонидович

ТОКАРЕВ Федор Леонидович. Федя (1927. Солт. Қазақстан обл. Явленка с. – 1942) – партизан барлаушысы және байланысшысы. 30-жылдардың аяғында Т. отбасы Кубань қ-на көшіп келеді. 1942 ж. Т. жергілікті “Отан үшін” партизандар отрядына кіріп. ұрыстарға қатысады. Әскери тапсырманы орындау кезінде гитлершілдер қолына түсіп, жау әскері оны тірідей көміп тастайды. Кубань қ-сы азат етілген соң Т-ның сүйегі Каменномостский кентіне қайта жерленеді. Қабіріне ескерткіш-белгі, Абадзехская ст-ндағы Т. оқыған мектептің ғимаратына мемориалді тақта орнатылған. Явленка а-нда ескерткіш-бюст орнатылған, ауд. орталығындағы бір көшеге және оқушылардың ауданаралық демалыс лагеріне Т. есімі берілген.

 М.Ключеров