ТИМОФЕЕВ Андрей Иванович (1915. Солт. Қазақстан обл. қазіргі Есіл ауд. Явленка с. — 1984, Украина. Севастополь) – контр-адмирал. 1930 ж. “Жаңажол” ұжымшарында жұмысшы, кітапхана меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1932-33 ж. ауд. оқу бөлімінің нұсқаушысы, кейін комсомолдық қызметтерде болған. 1937 ж. Әскери-теңіз флотынла борышын өтеп, әскер қатарынан босатылған соң Омбы т.ж. төлқұжат бөлімінің бастығы, 1939 ж. Омбы қ-ның Ленин ауд. атқару к-тінде хатшы, ал 1940 жылдың мамыр айынан бастап мемл. қауіпсіздік к-тінде қызмет істеген. Ұлы Отан соғысы кезінле әскери қарсы барлау қызметінде жұмыс істеп, бандиттік жасырын әрекеттерді жоюдағы чекисттік-әскери операцияларға қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Балтық, Тынық мұхит, Қара теңіз флоттарында әскери қарсыбарлау мекемелерінде басшылық қызметтерде болды. 3 мәрте Қызыл Жұлдыз, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған. КСРО Мемл. Қауіпсіздік комитетінің құрметті қызметкері.
М.Ключеров