Телюк Петр Захарович

ТЕЛЮК Петр Захарович (1925, қазіргі Шал ақын ауд. Кривощеков с. – 8.2.2004, Петропавл қ.) – Социалистік Еңбек Ері (1973). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Еңбек жолын 1941 ж. Солт. Қазақстан обл. Қазан ауд. Новый труд” ұжымшарында жұмысшы болып бастаған. 1942 ж. Ақмола – Қарталы т.ж-н салу құрылысына қатысқан. 1944 жылдан партия, комсомол және кеңес жұмыстарында болған. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген соң (1959) Сергеев ауд. партия кеңес аппараттарында жұмыс істеген. 1969-75 ж. Бескөл ауд. партия к-тінің 1-хатшысы, 1975 жылдан Қазақстан обл. партия к-тінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ордендермен және медалдермен марапатталған.