Симамбаев Тасбай Қабашұлы

СИМАМБАЕВ Тасбай Қабашұлы (20.1.1947, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жалтыр а.) – саяси және қоғам қайраткері, сенатор. Ауыл ш. техникумын (1966), Целиноград ауыл ш. ин-тын (1970), Алматы Жоғары партия мектебін (1986) және Мемл. заң ун-тін бітірген. Тимирязев ауд. “Восход” с-нда агроном, 1970-78 ж. Жамбыл ауд. комсомол к-тінің, Солт. Қазақстан обл. ЛКЖО-ның 2-хатшысы. 1978-80 ж. обл. партия к-тінің нұсқаушысы, 1980-88 ж. Преснов ауд. партия к-тінің хатшысы, 1988-92 ж. Сергеев РАПО төрағасының орынбасары, “Москворецкий” кеңшарының директоры, 1992-95 жылдан Сергеев ауд-ның әкімі болған. 1995 ж. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс к-тінің хатшысы. Әлем халықтары одағ Парламентаралық к-тінің мүшесі. Үкіметтік марапаттардың иегері.
Ғ.Қадырәлі