Серғалиев Мырзатай

СЕРҒАЛИЕВ Мырзатай (1938, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Жаңажол а.) – ғалым. филол. ғыл. докт. (1988), проф. (1990), Қазақстан ҰҒА-ның акад. (2003). сыншы-жазушы. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. ҚазМУ-ды бітірген (1960). Осы ин-тта ассистент, кіші ғыл. қызметкер, аға оқытушы, қазақ тілі кафедрасының доценті, 1987-92 ж. әл-Фараби атынд. ҚазҰМУ-дың филология ф-тінің деканы. кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта С. Астана қ-ндағы Еуразиялық ун-тінде кафедра меңгерушісі. Қазақстанның ғылым мен техникасына қосқан үлесі үшін Мемл. степендия алған (1997). С-нын негізгі ғыл. еңбектері қазіргі қазақ тіліндегі синтаксис, стилистика, сөйлеу мәдениеті, көркем шығарма тілі мәселелеріне арналған. С. қазақтың көрнекті жазушыларының бейнелерін суреттеген. қысқа қалжыңдар мен балаларға арналған әңгімелер, белгілі ғылым мен мәдениет қайраткерлері туралы естеліктер мен эсселер жазған. 5 монографияның, 7 оқулық пен оқу құралдарының, 12 әдістемелік құралдың, 400-ден аса ғыл. және ғыл.-танымдық мақатаның авторы, 5 монографияның телавторы. Шығ.: Синтаксистік синонимдер.А.-А., 1981; Мұхтар Ауәзов и язык художественного произвведения. А., 1998; Өнеге. А., 1998.

Г.Әнес