САЛЫҚОВ Кәкімбек (22.1.1932, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Айыртау ауд. Сырымбет а.) — ақын, қоғам қайраткері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мәскеу алтын және түсті металдар ин-тын бітірген (1955). 1955-65 ж. бөлім меңгерушісі. бас инженер. Жезқазғанда ең ірі “Покро-15” шахтасының бастығы. 1965-75 ж Қ.Сәтбаев атынд. Жезқазған кен-металлургия комб-да партия к-тінің хатшысы. Жезқазған к-лық партия к-тінің 1-хатшысы. обл. партия к-тінің 2-хатшысы, 1975-82 ж. КОКП ОК инспекторы. 1982-89 ж. Қарақалпақ обл. партия к-тінің 1-хатшысы, 1989 ж. депутат, КСРО Жоғарғы Кеңесі Экология к-тінің төрағасы. 1992 ж. ҚР Мемл. Су ресурстары к-тінің Арат теңізі мәселелері жөніндегі бөлімінің бастығы. БҰҰ-ның (ЮНЕП) Қоршаған ортаны қорғау Бағдарламасы бойынша үйлестіруші болды. 1970 ж. С-тың “Сыр” өлеңдер жинағы шыққан, кейін “Жезкиік” (1972), “Нұрлы күндер” (1976), “Жұлдызды жылдар тынысы” ( 1978), “Парасат тынысы” (1980), “Мәңгі шырақ” (1979), “Аққу жеткен” (1995) жыр жинақтары жарық көрген. С-тын өлеңдері орыс, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Ол А.Пушкиннің, В.Маяковскийдің, А.Семеновтің. Т.Кузовлеваның, т.б. өлеңдерін қазақ тіліне аударған. С-тың өлеңдері қазақ поэзиясының антологиясына енген, оның 20 шақты өлеңдеріне әндер жазылған. Ленин, 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, “Халықтар достығы” ордендерімен және медалдермен марапатталған.
Әдеб.: Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия. 4-т. А.-А., 1989.
Қ. Сейдахметов