САИН Жұмағали (1912, Солт. Қазақстан обл. Айыртау ауд. Златогор а. – 28.5.1961, Алматы қ.) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Петропавл пед. техникумында (қазір пед. колледж) (1929-30). Қазақ пед. ин-тында (1931-32) оқыған. 1932-34 ж. Қарағанды (қазіргі Солт. Қазақстан обл.) обл-нда мұғалім, содан кейін обл. газеттің бөлім меңгерушісі, Қазақ мемл. әдеби баспасында редактор. Қазақ мемл. филармониясының, Респ. Халық шығарм. үйінің директоры. «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары болған. 1928 жылдан таныла бастаған. Алғашқы өлеңдер кітабы “Бақыт құсы” 1936 ж. шыққан. Екінші өлеңдер жинағы – “Алтын таң” (1938). Ұлы Отан соғысына дейін “Балықшы” поэмасы, “Бақыт құшағында”, “Күләндә”, т.б. шығармалары жазылған. Соғыстан кейін “Алтай”, “Утренняя прохлада” поэмалары, “Таңдамалы шығармалар”, “Таңдаматы”, “Самал” жинақтары. “Жолда” повесі, т.б. жарияланған. С. Лермонтовтың “Біздің заманымыздың батырлары” романын, қырғыздың “Манас” эпосының бірнеше бөлімін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударған. Алматы, Көкшетау қ-ларында көшелерге, туған елінде орта мектепке С. есімі берілген. Алматы қ-ндағы ақын тұрған үйге мемориалды тақта орнатылған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медалдермен марапатталған. Шығ.: Жорық жолдары. А.-А., 1979: Шығармалары. 3 томдық А.-А., 1977, 1978, 1980. Әдеб.: Шәріпов Ә. Жұмағали Саинның өмірі мен творчествосы. А.-А, 1964.