РАМАЗАНОВ Абылай (1871, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Шал ақын ауд. Балуан а. — 1931, Петропавл қ.) — діни қайраткер, қажы. Троицкдегі діни медресені бітірген. Әкесі мен атасы өз замандарының белгілі билері болған. Р. егіншілікпен және саудамен айналысқан, талантты жастардың білім алуына көмектескен. Өз үйінде орыс мектебін ашып, балалар мен жасөс-пірімдерге орысша сауатын ашуға мүмкіндік туғызған. Онда революциялық әрекеті үшін Солт. Қазақстанға жер аударылған Петербург мед. ин-тының түлегі И.Боярский орыс тілін үйреткен. Р. жас С.Мұқаңовқа М.Жұмабаев басқарып отырған Омбы пед. курсында оқып жүрген кезінде көп көмектескен. Алашордашыдар қызметіне атсалысқан М.Дулатовпен. Алашорда ұйымының Ақмола обл. к-тінің мүшесі М.Жұмабаевпен. Петропавл уездік к-тінің басшыларының бірі Ж.Тілеулинмен достық қатынаста болған. Осы себепті 1927 ж. Р-тың ізіне түсіп. андыған. 1928 ж. оның мүлкі тәркіленіп, алғаш Ақтобе обл-на. кейін 3 жылға Омбы обл-на жер аударылды. 1931 ж. босатылып, өз отбасына оралады. Бірақ сол жылдың маусым айында жалған айыппен қайтадан тұтқындалып, Петропавл қ-ндағы түрмеге қамалады. Түрмеде қатты ауырып. бірнеше айдан соң қайтыс болған.
Қ. Мұқанов