Мыңжасов Қанат Исмаилұлы

МЫҢЖАСОВ Қанат Исмаилұлы (1959, Петропавл қ.) — ғалым. биол. ғыл. докт. (1997). Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын бітірген (1981). 1986-97 ж. Қазақ малдәрігерлік ғыл.-зерт. ин-тында ғыл. қызметкер, бөлім меңгерушісі болған. 1997 жылдан Солт. Қазақстан мал. ш. және малдәрігерлік ғыл,-зерт. ин-тын басқарады. 10-нан астам жаңалық пен 1 монографияның, басқа да зерттеулердің авторы. Шығ.: Способ дифференциации слабореактивных телят, привитых вакциной из штамма 19 бруцелла обортус от толерантных, 1994: Метод дефференциации слабореактивных животных от толерантных, 1994; Способ получения антигена для серологической диагностики бруцеллеза крупного рогатого скота, 1995 (соавт.).