Малдыбаев Ғалым Рахметұлы

МАЛДЫБАЕВ Ғалым Рахметұлы (14.5.1902, қазіргі Шал ақын ауд. Жаңажол а. – 3 21.6.1982, сонда) — журналист. ақын. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Мәскеу Шығыстану ун-тін (1936). Киров атынд. ҚазМУ-ды (1943), КСРО Жазушылар Одағы жанындағы Жоғары әдеби курсын бітірген. Б.Майлинмен, С.Мұқановпен, Ғ.Мүсіреповпен, М.Жұмабаевпен жақын араласқан. 20-жылдардың аяғында «Бостандық туы» (“Ленин туы”, “Солтүстік Қазақстан”) газеттері редакторының орынбасары, 30-жылдары Орал қ-ндағы “Орал өңірі”, “Қызылту” газеттерінің, Баянауылдағы “Колхоз” газетінің, Павлодардағы “Ленин жолы” газетінің редакторы болған. 1932 ж. орталығы Петропавл қ-нда орналасқан Қарағанды обл. Жазушылар кеңесінің төрағасы. 1945 жылдан “Социалистік Қазақстан” газетінің меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. “Балға-орақ” (1930), “Доңғалақ” (1932), “Желдірме” (1963), “Ақ кептер” (1968), “Қалдырған” (1972), “Избранное” (1978), “Сарыарқа” (1980) өлеңдер мен поэмалар жинағы жарық көрген. Оның шығарм-ның биік шыңы саналатын “Қырым қызы” поэмасы М-ты көпшілікке танымал етті (1958).