Лукьянченко Надежда Константиновна

ЛУКЬЯНЧЕНКО Надежда Константиновна (1939. СҚО қазіргі Есіл ауд. Гурьянов с.) — Социалистік Еңбек Ері (1982). 12 жасынан еңбекке араласқан. 1954 ж. “Зеленая роща” ұжымшарында тіркеуші, ал 1954—89 ж. “Заречный” кеңшарының кешенді бригадасында сауыншы болып еңбек еткен. 2 мәрте Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медалмен марапаттатған. 1989 жылдан құрметті зейнеткерлік демалыста.