КОЗЛОВСКИЙ Владимир Антонович (26.11.1942, Петропавл қ.) — ғалым, мед. ғыл. докт. (1986). Қарағанды мемл. мед. ин-тын (қазіргі Қарағанды мемл. медицина академиясы) бітірген (1966). 1968 ж. аспирант, кіші ғыл. қызметкер, Қазақстан Денсаулық сақтау мин-нің Өлкелік патология ғыл.-зерт. ин-тында бөлім меңгерушісі. К. фосфорлы сутегімен улану патогенезі мен кұрылыс материалдары үшін қолданылатын фосфорлы шлактарды бағалау және фосфор өнеркәсібінде еңбекке қойылатын гигиеналық татаптарды негіздеген. Бірнеше өнертабыстың авторы. Шығ.: Гигиеническая характеристика оборудования в производстве фосфорных удобрений. М., 1984: Гигиена труда в производстве фосфора. А.-А., 1985.