Кеншінбаев Қаттай Бектасұлы

КЕНШІНБАЕВ Қаттай Бектасұлы (17.12.1929. Солт. Қазақстан обл. Совет (қазіргі Аққайың) ауд. Қызылту а. — 16.5.2001. Петропаат қ.) – ҚР-на еңбек сіңірген гидротехник. Петропавл қ-ның құрметті азаматы. 1952 ж. Алтай машина жасау ин-тын бітірген. Еңбек жолын 1952—53 ж. Томск қ-нда подшипник жасайтын з-тта цех мастері болып бастаған. 1953— 59 ж. Томбы обл. Калпашев МТС-нда механик; 1959 ж. Солт. Қазақстан обл. Булаев ауд. совхоз тресінде бөлім меңгерушісі; 1959—67 ж. обл. партия к-тінде а.ш. бөлімінің нұсқаушысы, ” Қазауылшартехникасы” бірлестігінің құрылыс-монтаждау басқармасының бастығы; 1967—69 ж. обл. Мелиорация және су шаруашылығы басқармасының бастығы: 1969— 95 ж. “Союзцелинвод” тресінің жетекшісі қызметтерін атқарған. К-тың басшылығымен облыста 150 мың шаршы метр тұрғын үй, “Водник” профилакторийі, “Лалочка” балалар бақшасы, “Балдырған” жаздық баталар лагері, отбасылық балалар үйі, универсам, т.б. салынды. Ол 30-дан аса зерттеу жұмыстарының авторы. “Құрмет Белгісі”, 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, КСРО ХШЖК-нің алтын, күміс, қола, т.б. медалдерімен. ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.