ЖҮСІПОВ Рахмет Жүсіпұлы (23.12.1932, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Қара ағаш а.) — ұстаз, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі. Еңбек жолын 1952 ж. туған ауылында қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі болып бастаған. 1986—94 ж. реалдық (терендетіп оқытатын) гимназия-мектепте жұмыс істеген. Қазіргі уақытта құрметгі демалыста. Қызылжар ауд-ның Соколов а-нда тұрады.