ДЕНКЕНОВА Сайран Әбілқайырқызы (1.7.1948, Солт. Қазақстан обл. Бескөл ауд. Боголюбов а.) — Оқу-ағарту қызметкері. 1974 ж. Петропавл пед. ин-тын. 1986 ж. Алматы Жоғ. партия мектебін бітірген. Мұғалім болып жұмыс істеген. 1981—88 ж. кеңестік органдарда, партиялық қызметтерде, 1988—2001 ж. облыстық білім беру департаменті басқармасы бастығының орынбасары. бастығы болды. “Ерен еңбегі үшін” медалімен және “Білім беру ісінің үздігі” белгісімен марапатталған.