ҒАБДУЛЛИН Нығмет (26.12.1927, қазіргі Ғ.Мүсірепов атынд. Щұқыркөл а.) — жазушы. ғалым, филология ғыл. докт. (1972). Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қаз-ПИ-ді(қазіргі Абай атынд. Алматы ұлттық пед. ун-ті) бітірген (1950). “Лениншіл жас” газетінде бөлім бастығы. “Жұлдыз”, одан кейін “Қазақ әдебиеті” журналдарында редактор бодып жұмыс істеген. 1969 жылдан ҚазПИ-де доцент. проф. Ғ-нің ғыл. еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелеріне арналады. 1951 ж. “Менің достарым” атгы бірінші әңгіме жинағы. 1953 ж. “Бірінші маршрут” повесі шықты. Кейін “Құрдастар” (1955) әңгімелер жинағы, “Жаңа таныстар” (1956), “Букет”( 1959), “Өмір әуені” (1960), “Көңілді шақ” (1965). “Өмір, мен сені сүйемін” (1966) повестер жинағы. “Күзгі жапырақтар” (1968), “Жас ұрпақ” (1977) повестері. “Әдебиет және өмір” (1965), “Уақыт белгілері” (1981) монографиялары жарық көрді. Г-нің “Қос тағдыр”, “Өмір, киын жол” повестері және “Жаңа таныстар” әңгімелер жинағы орыс тіліне аударылған. Г. Г. Марковтың “Соль земли” романын, Э.Хемингуэй-дің “Шал мен теңіз” повесін. В.Быковтың әскери повестерін, А.П.Чеховтың, А.М.Горькийдің, А.Караваеваның жеке әңгіме-лерін қазақ тіліне аударған.
Әдеб.: Шығарма арқауы-шындық. А., 1968; Замандас келбеті. А., 1981; Ғ.Мүсірепов-драматург. А., 1982, және басқалар.