ӘУБӘКІРОВ Ерембек Жәмшитұлы (1.4.1939, СҚО Айыртау ауд. Шоққарағай а.) — қоғам қайраткері, өндіріс ұйымдастырушысы. Новосібір (Ресей) а. ш. ин-тын бітірген (1962). 1962— 64 ж. Семей қ-ндағы а.ш-н механикаландыру уч-щесінде оқытушы, 1964—67 ж. Ақмола қ-ндағы “Казахсельмаш” з-тында шебер. 1967—73 ж. “Казсельхозтехника” обл. басқармасында бас инж., Торғай обл. кәсіптік-тех. білім беру басқармасы бастығының орынбасары, 1973—88 ж. Торғай обл. өндірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі, Арқалық қ-лық атқару к-тінің төрағасы. 1988—92 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінде нұсқаушысы, Соколов ауд. атқару к-тінін төрағасы. 1992—93 ж. хатық деттаттары Обл. Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1994 жылдан обл. мәслихаттың хатшысы. “Құрмет Белгісі” орденімен және медалдермен марапатталған.
Г. Қадірәлі