Ахметов Қадыр Әбіржанұлы

АХМЕТОВ Қадыр Әбіржанұлы (31.1.1953. қазіргі Шал ақын ауд. Социал а.) — ғалым, тарих ғыл. докт. (2003), проф. ҚазМУ-ды (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1976). 1976—91 ж. Целиноград құрылыс-инженерлік ин-тында оқытушы, аға оқытушы. 1991 — 96 ж. Абай атынд. ҚазҰПУ-дың доценті. 1996—99 ж. Л. Гумилев атынд. Еуразиялық ун-тге тарих ф-тінің деканы. 1999—2003 ж аға ғыл. қызметкер, тарих кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2004 жылдан осы ун-тгің оқу және ғыл. жұмыстар жөніндегі проректоры. А. еліміздің мәдениетінің тарихы. 20-ғ-дағы белгілі қазақ зиялыларының қызметтері жайлы 60-тан астам ғыл. еңбектің авторы. Шығ.: Қазақстан мәдениетінің қилы тарихы. А., 2002; Қазақ интелегенциясының оқу-ағартушылық қызметі, Аст., 2004.

М. Рысқұлов