55 жыл — Ғафу Қайырбеков — «Родные травы» (1967)

«Родные травы». Ғафу Қайырбеков – қазақ әдебиетінің классигі. Өз шығармаларында замандастарының ерлік еңбегін, патриотизмді, халықтар достығын жырлайды.

1954 жылы жарық көрген жас ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Құрдастар» деп аталды. Содан кейін арасына бірер жыл салып жыр жинақтары дүркіндете туындай бастады.

Ақынның өлеңдері халық поэзиясының үздік дәстүрлерін ұстана отырып, жан тебірентерлік лиризм мен эпикалық ауқыммен ерекшеленді.

Ғ. Қайырбековтің поэзияда балалар әдебиетіне қосқан үлесі өз алдына. Атап айтқанда, «Балықшы Иван», «Балқурай», «Күн баласы», «Ақ көйлекті шал», Ыбырай Алтинсарин туралы «Дала қоңырауы» поэмасы және басқа да бірқатар шығармалар.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1112514

http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1112515 (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ