45 жыл — Жұбан Молдағалиев — «Байқоныр баспалдақтары» (1977)

«Байқоңыр баспалдақтары» – Жұбан Молдағалиев жазған поэма, 1977 жылы жарияланды.

Поэма бес бөлімнен тұрады: 1) Исақұл мен ақын; 2) Байқоңыр таңы; 3) Космоста – Гагарин! 4) Исақұл мен Қорқыт ата; 5) Бұл жолдың басы бар да, жоқ ақыры.

Алғаш рет республикалық «Жұлдыз» журналының №7-8 сандарында жарияланған. Сол күзде жеке кiтап болып шыққан. Ал 1979 жылы орыс тiлiне аударылып, бiр топ өлеңдерімен бiрге «Жалын» баспасынан жарық көрген.

Ақын космос Меккесi атанған Байқоңыр космодромын, ондағы «Гагарин үйiн» өз көзiмен көрудi, космонавтика төңiрегiндегi әскери мамандар және ғалымдармен тiлдесудi мақсат тұтқан.

Космонавтика тақырыбына алғашқы түрен салған жаңашылдығымен, қазақ даласының өткенi мен бүгiнгi тарихына терең бойлай бiлуiмен, эпикалық кең ауқымдылығымен, көркемдiк шеберлiгiмен ерекшеленген бұл туынды қазақ әдебиетіндегi ерекше құбылыс болды.

Қазақша оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1175610 (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ