Тікелей эфир «Тұңғыш қазақ ғарышкері»

Талғат Әубәкіровтің 75 жасқа толуына орай «Тұңғыш қазақ ғарышкері» тақырыбында онлайн танымдық сағат. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келді. Ол қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, техника ғылымының докторы , профессор. Марапаттары Құрмет Белгісі ордені 1987, Кеңес одағының батыры атағы 1988, Алтын Жұлдыз медалі (1988) «Ленин» ордені 1988,КСРО-ға еңбек сіңірген сынақшы ұшқыш 1990,КСРО ғарышкер-ұшқышы1991. 1991 жылы 2 қазанда экипаж командирі Александр Волковпен және зерттеуші Франц Фибекпен бірге, «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. Бір апта бойы «Мир» орбиталық кешенінде жұмыс істеп, 1991 жылы 10 қазанда Жерге оралды.
Ғарышта болған жалпы уақыты – 7 күн 22 сағат 13 минут. Қазақстан егемендік алғаннан кейін, ел игілігі үшін Отанға қызметін жалғастырды.
Саяси және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, 1995 жылы «Халық қаһарманы» атағына ие болды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ТұңғышҚазақҒарышкері