180 жыл — «Бозжігіт» (1842)

«Бозжігіт». Ертеден-ақ Дешті Қыпшаққа, кейін қазақ, башқұрт, татар, өзбек халықтарына мирас болып қалған, сюжеті шығыс халықтарының көбіне ортақ және кең тараған ғашықтық дастандардың бірі.

Жырдың қазақ арасындағы ең көне нұсқасы – 1842 жылы жазылып алынып, 1870 жылы В. В. Радлов жинағында жарияланған. Мұнан кейін «Бозжігіт» Қазан, Орынбор, т.б. қалалардың баспаларынан 14 рет жеке кітап болып басылып шыққан.

1911 жылы қиссашыл ақын Ақылбек Сабалұлы «Бозжігіт» жырын өңдеп, Қазан қаласында қайта бастырған. «Бозжігіт» жырының қай нұсқасын алсақ та, Бозжігіт пен Қарашаштың махаббаты әсерлі жырланған. Жырдың қолжазба нұсқалары мен басылымдары Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Алматы қалаларының кітапхана қорларында сақтаулы. Ескі қолжазбаның бір нұсқасы Британия музейінде сақталған.

Онлайн оқу: http://kazneb.kz/site/catalogue/view?br=1110653 27-нші бетінен (Казахстанская национальная электронная библиотека)

К НАЧАЛУ ВЫСТАВКИ