Тікелей эфирде «Бірге оқимыз» онлайн жоба

2023 жылдың 13 желтоқсаны күні сағат 16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Бірге оқимыз» онлайн жобасы аясында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің 1 курс студенті Ерасыл Қабыл Азамат Скаковтың «SEN» кітабы туралы баяндады.
«SEN» кітабының авторы – Азамат Скаков, КОУЧ, жоспарлау эксперті, полиглот, триатлет.
Азамат Скаковтың «SEN» кітабы әдетті қалыптастыру туралы және тұлғалық даму бойынша нақты практикалық техникалар жинақталған.
Бір адам-бір әлем. Бұл кітапта біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып кеткен, бірақ біз жиі мән бере бермейтін әдет қалыптастыру, ұйқы, спорт және тұлғалық даму тақырыптары қамтылған.
Бұл кітаптың SEN деп аталуы да бекер емес. Кітаптағы білімдер, тапсырмалар, практикалар мен ақпараттардың барлығы фокусты өзіңе бұруға, ішіндегі МЕНді табуға жол ашады.
Бұл кітап арнайы Сіз үшін жазылған. Кітаптың басты кейіпкері – SEN. Кітапты оқыңыз, әр бөлім соңындағы тапсырмаларды орындап, қарым-қабілеттеріңізді дамытыңыз, сонда өзгерген жаңа тұлғаны қалыптастырасыз. Өмірдің әр кезеңінде керек болатын құнды ақпараттармен танысасыз.