Тікелей эфир «Салауаттылық – өмір негізі»

2021 жылдың 1 сәуірі күні сағат 16.00 де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Салауаттылық – өмір негізі» тақырыбында М.Қозыбаев атындағы СҚУ, Дене және әскери тәрбие теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Касенова Әсел Игілікқызы сөз сөйледі.
Ол «Салауаттылық — өмір негізі» тақырыбындағы әңгімені Денсаулық дегеніміз не? деген сұраққа жан-жақты жауап беруден бастады. Денсаулыққа кері әсер ететін бірнеше факторларға тоқталды. Салауатты өмір салтын сақтау үшін зиянды әдеттерден аулақ болу, темекі шекпеу, алькогольдік ішімдіктерді ішпеу, дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жасына, жыныс ерекшелігіне, экологияға байланысты емес. Жеке адамның өзіне байланысты күн тәртібін сақтаса, дені сау болады, ұзақ өмір сүреді,- деді.
#БиблиотекаимСМуканова#ЛучшаяБиблиотекаРК#СамыйЧитающийРегионСКО#Информация#Мероприятия#Книги#Чтение#Коворкинг#ПарасатЖолы#СалауаттылықӨмірНегізі