Бүгін С. Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың тікелей эфирінде М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры, философия докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Зарқын Сыздықұлы Тайшыбаймен кездесу 2020 жылдың мерейтойлық даталары — Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына, Әл-Фарабидің 1150 жылдығына, Алтын Орданың 750 жылдығына, Сәбит Мұқановтың 120 жылдығын қорытындылауға арналады.
Қазақстан Шығыс өркениеті ғана емес, сонымен қатар әлемдік өркениет өрбіген жер болып табылады. Мұнда ежелден мәдениет пен ғылым, білім мен әдебиет дамыған. Ұлы Дала ұлы ғалымдардың, ойшылардың, ақындардың, билеушілердің ерен тобын дүниеге әкелген. Аталған тарихи даталарды атап өту халықтың тарихи санасын дамытуға және Қазақстанның рухани мәдениетін әлемдік кеңістікте алға ілгерілетуге бағытталған Республиканың жаңа тарихының елеулі оқиғасы болып табылады. Әңгіме осы төңіректе өрбиді.