Жасыратыны жоқ, Тқсан би Жабайұлының өмірі, оны айтасыз, туған-қайтқан мерзімі жөнінде тарихи дерек жоқ. Сондықтан автор би атаның өмір сүрген уақытын "XVIII-XIX ғасыр" деп атап көрсеткен.
Автордың жаңалығы сол: ҚР Ұлттық Ғылым академиясының мұрағатында жатқан араб тіліндегі Тоқсан бидің кейбір шешендік сөздерін ана тілімізге аудартып, бұрын аударылған нұсқаларды және Орталық ғылыми кітапхананың сирек қолжазбалар қорында сақталған араб, латын, қазақ тіліндегі мұра туралы мәліметті осы кітабына қосқандығы.
А. Сәулебек Тоқсан би атамыздың кесенесін тұрғызуға, ас ұйымдастыруға, жинақ шығаруға қол ұшын берген Солтүстік Қазақстан облысындағы қолдаушы-азаматтарды таныстыруды да ескерген. Тоқсан бидің шешендіксөздерінің орыс тілінде тұңғыш рет жарық көруі - автордың өз идеясы.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.