2020 жылдың 4 желтоқсаны күні сағат 15.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының тікелей эфирінде академик, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Тайшыбай «Сәбит Мұқановтың жолжазба шығармалары» тақырыбында әңгімеледі. Әңгіме барысында Сәбит Мұқановтың 1952 жылғы Сарыарқаға сапары – Балқаш, Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, туған жері Жаманшұбарға келгендегі жазған жолжазбалары туралы айта келіп, Сәбит Мұқановтың Қытайға сапары туралы жазылған «Алыптың адымдары» кітабына жан-жақты тоқталды.