Кезекті кездесуде С. Мұқанов атындағы кітапхана өз оқырмандарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген құнды еңбектерін ұсынды.
«Бес томдық «Дала фольклорының антологиясына» енген жауһарлар қолжазба шығармалардан музыкалық шығармаларға дейінгі әртүрлі жанрдағы туындылардан тұрады. Және олардың барлығы қазақ халқының дәстүрлерін сақтау, туған жердің тарихын білу және өткен кезеңдегі ұлы қайраткерлер туралы естеліктер сияқты ұлы даланың басты құндылықтарын көрсетуге бағытталған. Құрметті оқырмандарымызды «Батырлар жыры», «Ғашықтық жырлар», «Дастандар», «Тарихи жырлар» атты қызықты да мағыналы кітаптармен танысуға шақырамыз!