Бүгінгі эфирімізде кеңестік және эстониялық әдебиеттанушы, мәдениеттанушы, семиотик ғалым Юрий Лотманның «Семиосфера» және АҚШ-тағы Колумбия университетінің профессоры Эдуард Саид жазған «Ориентализм» еңбектеріне шолу жасалды.
Таңбалар жүйесі туралы ғылым, яғни семиотика – кез келген ауқымдағы гуманитарлық ізденістердің өзіндік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан әрі бір ізге түсірілген ғылым. Жалпы, гуманитарлық пайым тұрғысынан алғанда да, тарихи, мәдени, әдеби анализ тұрғысынан алғанда да «Семиосфера» кітабының берері мол.
«Ориентализм» кітабы гуманитарлық білімге өзгеше ықпал жасап, постколониалдық зерттеулерге негіз салды. Автор еңбегінде бұл тақырыпқа арналған көп зерттеулер Шығыстың шынайы келбетін ашып көрсете алмайтынын, Шығыс әлемі жайлы кез келген ой белгілі бір сүзгіден өтіп барып жарияланатынын айтады. Дәлел ретінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ ғалымдарының ориенталистік мәтіндерін мысалға келтіреді. Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги#РуханиЖаңғыру100ЖаңаОқулық