Прямой эфир «Едины силой Едины духом!» о V Всемирных играх кочевников

8-13 қыркүйек күндері елімізде алғаш рет спорттық-мәдени іс-шара — V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өткені баршамызға белгілі. Бір апта бойы спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2800-ге жуық адам қатысты. (Ссылка на видео)
Бүгін тікелей эфирде «Қызылжар арландары» қазақ күресі спорт клубы» басшысының орынбасары Нұрғалиев Өміртай Бекетұлы және Ұлттық спорт түрлерінен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары Молдабаев Ержан Ерболұлы аталған ойын жөнінде ақпаратпен бөлісті. Ойын қорытындысы бойынша Қазақстан 114 медальмен жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді. Оның ішінде: 44 алтын, 33 күміс және 37 қола жүлде. Қазақстан ұлттық құрамасынан 21 спорт түрі бойынша 216 спортшы ойынға қатысты. Ал облысымыздан қатысқан спортшылар туралы және олардың көрсеткен нәтижесі жайында бейнематериалдан біле аласыздар.