«Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес»
2023 жылдың 27 желтоқсаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирда
«Отбасындағы зорлық-зомбылықпен күрес» тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Тікелей эфирде Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Виктория Вьюшкина отбасындағы зорлық-зомбылық – жалпы қоғам қасіретіне айналып отырғанын, отбасындағы зорлық-зомбылықтардан зәбір көретіндердің басым бөлігі әйелдер мен балалар екенін айта келіп, зорлық-зомбылық көрсеткіштерінің кемімей арту себептеріне, алдын-алу шараларына тоқталды. Күнделікті түрде учаскелік полиция инспекторларымен тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша алдын-алу жұмыстары жүргізіліп жататынын және құқық бұзушыға тиісті шаралар қолданатыны туралы айтты. Біздің өңірімізде де биылғы жылы қанша отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелгені жайлы баяндады.
Кез келген зорлық-зомбылық түрі жазасыз қалмауы тиіс.