
Айгиз Баймұхаметов – жас жазушы, Башқұртстан және Ресей Жазушылар одақтарының мүшесі, Шайхзада Бабич атындағы Мемлекеттік республикалық жастар сыйлығының лауреаты. Уфа қаласында тұратын жазушы бұл кітабында ата-анасынан айырылған жетім балалардың аянышты тағдырын баяндайды. Автор өзі тәрбиеленген балалар үйіндегі ұл-қыздардың қиын тағдырларын қарапайым, оқырманға түсінікті тілде суреттейді.
Жалпы бұл шығармада ата-ана қадірі, кішкентай кезінен жетім қалған басты кейіпкер Ілияс пен оның бауырлары, яғни қарындасы екеуінің қиын да ауыр тағдыры, балалар үйіндегі бассыздық, қатыгездік суреттеледі. Жазушы бас кейіпкер Ілиястың жан-дүниесін ашу арқылы бүгінгі қоғамның бет-бейнесін көрсеткісі келген.
Кітапты оқыған балалар ата-ананың қадірін түсініп, бақытты аялауды үйренеді. Үлкендер жас ұрпақтың мейірімге зәру екенін ұғынады.
Бас кейіпкер Ілияс – жазушының өзі, Айгиз Баймұхаметовтің прототипі. Айгиз өзінің балалар үйінде басынан өткізген өмірін қағаз бетіне түсірген.