2024 жылдың 10 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, ақын, публицист, аудармашы Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Алаштың асыл азаматы» атты тарих сағаты өтті. (Видео смотрите здесь по ссылке)
Шараны қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова өткізді. Ол ХХ ғасырдағы Қазақстан мен Орталық Азияның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, ақын, публицист, аудармашы Сұлтанбек Қожановтың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі, шығармашылығы туралы жан-жақты баяндады. Оның өмір жолы, көзқарасы, ұстанымы бүгінгі таңда да ескірген жоқ, ол қазір де сан-мың өскелең ұрпақ үшін — Тәуелсіздік мұратына қызмет етудің тамаша да көрнекі үлгісі бола алады.