«Men qazaqşa oilaimyn» интеллектуалды ойыны

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жастар арасында мемлекеттік тілді білу қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтар мен мәдениетімізді дәріптеу мақсатында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада «Men qazaqşa oilaimyn» интеллектуалды ойынының ақтық кезеңін өткізді.
Ақтық кезеңге бес команда қатысты.

Ойын нәтижесі бойынша бас жүлдені «Ассамблея жастары» командасы жеңіп ады. 1 орын («Лот»), 2 орын («Алаш жастары») және 3 орын («Сақшылар») иеленген командаларға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды. «Мен қазақпын» және «Жігер» командалары ойынға қатысқаны үшін Алғыс хат иеленді.