|

«Рух пен намыс жыршысы»

Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Рух пен намыс жыршысы» тақырыбымен Қазақстанның халық жазушысы Софы Сматаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған тікелей эфир өтті.

Эфир барысында қаламгердің өмір жолы мен бай шығармашылық мұрасына жан-жақты шолу жасалды. Жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесі, проза, драматургия және поэзия жанрларындағы жемісті еңбегі туралы айтылып, оның шығармаларында ел тарихы, ұлттық рух, азаттық идеясы мен адамгершілік құндылықтардың кеңінен көрініс тапқаны атап өтілді.

Кездесу барысында Софы Сматаевтың қаламынан туған «Елім-ай» тарихи трилогиясына ерекше назар аударылды. Шығармаға арқау болған XVIII ғасырдағы қазақ халқының басынан өткен «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңі, ел тәуелсіздігі жолындағы күрес, халықтың бірлігі мен рухани беріктігі туралы сөз қозғалды.

Тікелей эфир барысында жазушының басқа да көркем шығармалары, драмалық туындылары, киносценарийлері, аудармалары, опера либреттолары таныстырылды.

Similar Posts