4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күніне орай кітапханамыздың әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде оқырмандар назарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне арналған әдебиеттер таныстырылды. Эфир барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы туралы айтылып, кітапхана қорындағы құнды басылымдарға шолу жасалды. Атап айтқанда, «Мемлекеттік рәміздер туралы» кітапшасы, Ербол Шаймерденұлының «Елтаным» кітабы, «ҚР мемлекеттік рәміздері – тәуелсіздік нышандары», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік рәміздері» және «Сегодня Казахстан» кітаптары таныстырылды. Кітаптарда мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның қалыптасу тарихы, олардың авторлары, тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы рөлі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі маңызы жан-жақты баяндалған. Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың мақтанышы, тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел бірлігі мен тұтастығының нышаны. Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеуге міндетті.

Similar Posts