Тікелей эфир “Әйел және поэзия әлемі”

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфуға Айтхожинаның 90 жылдығына орай «Әйел және поэзия әлемі» атты тікелей эфир өтті.
Эфир барысында ақынның өмірі мен шығармашылық жолы, оның отбасы мен әулетінің қилы тағдыры, туған жерден жырақта өткен балалық шағы және 1958 жылы тарихи Отаны – Қазақстанға оралуы туралы кеңінен айтылды.
Марфуға Айтхожинаның поэзиясындағы Атажұрт, туған жер, сағыныш, ұлттық рух пен елге деген сүйіспеншілік тақырыптарына ерекше назар аударылды. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығының өзара сабақтастығы оның жырларынан алынған үзінділер арқылы таныстырылды.
Тікелей эфирдің негізгі мақсаты – Марфуға Айтхожинаның шығармашылық мұрасын насихаттап, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын таныту, ақынның өмірі мен тағдырын кейінгі ұрпаққа жеткізу.

Similar Posts