«Қазіргі қазақ прозасы»
Бүгін «Әдеби мұра» жобасы аясында белгілі жазушы Жақсыбай Самрат «Қазіргі қазақ прозасы» тақырыбында әдеби шолу жасады.
Шолу барысында тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасының даму үрдістері мен өзекті мәселелері сөз болды. Жазушы бүгінгі әдебиеттің оқырманға жету жолдары, жаңа шығармаларды насихаттау мәселелері және заманауи ақпараттық кеңістіктің кітап оқуға ықпалы туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар қазіргі қазақ прозасындағы көркемдік ізденістер, тарихи және әлеуметтік тақырыптардың көрінісі, жаңа буын қаламгерлерінің шығармашылығы кеңінен талданды. Әдеби шолуда бүгінгі қазақ әдебиетінің даму бағытына баға беріліп, өңірлік қаламгерлердің шығармалары мен олардың әдебиетке қосқан үлесі де атап өтілді.







