2025 жылдың 5 ақпаны күні сағат 16.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жерлесіміз, жазушы, ақын, драматург, публицист, аудармашы Мәжит Дәулетбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Көрнекті жазушы» тақырыбында онлайн дәріс өтті (тікелей эфирге сілтеме).
Дәріс барысында жерлесіміз, жазушы, ақын, драматург, публицист, аудармашы Мәжит Дәулетбаевтың өмірі, қызметі, шығармашылығы туралы жан-жақты баяндалды.
Мәжит Дәулетбаев 1920-1930 жылдары қалам тартып, қазақ әдебиетінің өркен жаюына өзіндік үлес қосқан, артына үлкен мұра қалдырған көрнекті жазушы.
Жазушының туған жеріміздің тарихында үлкен мәні бар, проза саласындағы елеулі еңбегі, әлеуметтік күрес уақиғаларын көтерген және шыншылдықпен бейнелеген, қазақ әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі – «Қызылжар» романына жан-жақты талдау жасалды.
Бұл романның жас ұрпаққа қаламыздың тарихымен танысуға көмегі зор.