2024 жылдың 1 қарашасы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде Шона Смаханұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Көрнекті сатирик ақын» атты әдеби сағат өтті (тікелей эфирге сілтеме).
Шараны кітапханашы Зәмзәгүл Спартакқызы өткізді. Шара барысында қазақ сатирасының серкесі һәм сардары, сатираның прозалық та, поэзиялық та жанрында қатар қалам тербеген жазушы Шона Смаханұлының өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты баяндалды. Ол – ақын, ол – сатирик, ол – әнші, ол – жазушы, ол – ұстаз, ол – қоғам қайраткері.