«Еңбегі елдің есінде» кітабының тұсаукесері

2024 жылдың 27 қыркүйегі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Жайнар Сұрағанқызы мен Әбутәліп Әмірдің «Еңбегі елдің есінде» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Сұраған Есенеевтің туыстары, балалары, ауылдастары қатысты.
Іс-шараны Сұраған Есенеевтің күйеу баласы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Әбутәліп Әмір жүргізді.
«Еңбегі елдің есінде» атты кітапқа қазақ елінің дамуы мен көркеюіне үлкен үлес қосқан, бар саналы ғұмырын ауыл шаруашылығы саласына арнаған Сұраған Есенеев жайлы ауылдастарының, әріптестерінің, туған-туыстары мен балаларының естеліктері енген.