«Дұрыс тамақтану туралы әңгіме»

24 мамыр күні Облыстық онкологиялық диспансердің дәрігерімен «Дұрыс тамақтану туралы әңгіме» өткізілді (эфирге сілтеме).
Бүгінгі таңда онкологиялық аурулар өлім-жітім себептері арасында екінші орын алады. Адамда қатерлі ісіктердің пайда болу себептері осы уақытқа дейін нақты анықталған жоқ, бірақ қатерлі ісіктің дамуына бейім факторлар анықталды. Олардың бірі -дұрыс тамақтанбау, бұл туралы онколог-маммолог-онкохирург дәрігер Е. Б. Байтұрсын айтып берді.
Есіңізде болсын, дұрыс тамақтану қалыпты өмір сүруді, физикалық белсенділікті және ұзақ өмір сүруді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар сіздің денеңізге көптеген ауруларға, соның ішінде қатерлі ісіктердің дамуына қарсы тұруға көмектеседі.