Биыл белгілі қазақ жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жыл бойы оқуға жазушының шығармашылығы таңдалды.
Бүгін кітапханада Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ажар Балағанова тікелей эфирде «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» әдеби портретін өткізді. Эфирде жазушының өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасалды. Бердібек Соқпақбаевтың балалық шағында көрген ауыртпалығы жазушының шығармаларына арқау болғаны айтылды. Жазушының шоқтығы биік туындылары «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» шығармаларына тоқталды (тікелей эфирге сілтеме).