Баймағамбет Қанапияұлы Ізтөлин 1916 — 1917 жылдары Пресновка мектебінде, «Уазифа» медресесінде оқыған. (Ссылка на видео)
1919 жылы Петропавлда уездік ревкомға орналасады. Онда мектептер ашып, мүғалімдер даярлайтын қысқа мерзімді курстар ұйымдастырады. Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубында жүмыс істеген. Феодоров ауданы оқу бөлімінің нұсқаушысы болған. Өз өмірін халықпен тығыз байланыстырып, халық мүддесі үшін күрескен, оның ой-тілегін, ансаған арманын асқан шабытпен жырлап, халықтың сүйіспеншілігіне бөленген ақындардың бірі – Баймағамбет Ізтөлин.
Баймағамбет қазақ әдебиетті тарихындағы «қазақ совет әдебиетті» деп аталған әдебиеттің көш басшысының – бірі, Сәбит Мұқановтың сөзімен айтсақ; қазақ совет әдебиеттінің «әлібі» мен «биінің» қатарына қосылады. Сәбенің өзі саясат және ақындық жолда Баймағамбетті ұстаз тұтты.