2024 жылдың 6 шілдесі күні сағат 12.00-де Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, ағарту саласында біраз еңбек сіңірген Қоңырбаев Ғабит Жұқаұлының «Есіме алсам ойыма салам» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, журналистер, достары, туған-туысқандары қатысты.
Тұсаукесер кешін қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің кітапханашысы Зәмзәгүл Спартакқызы ашып, жүргізіп отырды.
Алғашқы болып кітаптың шығуына себепкер болған, оған өз үлесін қосқан кітаптың редакторы, заң ғылымының докторы Шигиров Қайыртай Мейрамұлы сөз сөйледі.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін жерлесіміз белгілі документалды киносаласының ардагері, мәдениет ардагері Жүнісов Орал Нұрмақұлы мен Сүндетов Мұхтар Мағзұмұлы жасады.
Кешке қатысқан қонақтар Ғабит Жұқаұлы туралы жылы лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.