«Жаңа түскен кітаптарға шолу»

2023 жылдың 17 қаңтары күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде «Жаңа түскен кітаптарға шолу» жасалды.
Шолуды кітапханашы Дамира Серікбаева жасады.
Осы жолы шолуда Ербол Тілешовтің «Алаш туы астында…» атты ғылыми-танымдық жинағы, Ләйлім Ахметжанқызының «Дәстүр даналығы» атты ғылыми-танымдық әдебиеті, Ақерке Асанның «Айша бибі» атты өлеңдер, балладалар, белгілі сыншы, мәдени сарапшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби, Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты Әлия Бөпежанованың «Еділ қаған. Аударма пьесалар» атты кітабы, ф.ғ.к., жазушы, аудармашы Камал Әлпейісованың «Қайтсек ұрпақ өседі өрелі боп…» атты кітабы және басқа да көптеген авторлардың кітаптары таныстырылды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги