Тікелей эфир білім энциклопедиясы «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»

Биылғы жылы туғанына 150 жыл болған Ұлт ұстазы, мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтетін көрнекті қоғам қайраткері, қазақ сөзін түзеп, түрлеген, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан да сан алуан нақыл сөздер туған. Тақырыптық жағынан ұлттық мүдде, ғылым-білім, тәрбие, тіл туралы болып келетін нақылдардың басым бөлігі тілге арналған.
Қанатты сөздерді тудыру үшін де айтушысы жан-жақты, болмыс-бітімі өзгеден ерек, көргені де, тоқығаны да, оқығаны да көп, танымы жоғары тұлға болуы керек. Ахмет Байтұрсынұлына келетін болсақ, ол – өткен ғасыр басында тарих сахнасына шығып, бар өмірін, білгені мен түйгенін халқына арнап, артына өлшеусіз мұра, терең із қалдыра білген тұлға.
Бүгінгі шығарылым осы Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздеріне арналған. Соның ішінде тіл, ел, білім жайында қанатты сөздерімен танысуға мүмкіндік бар.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение#Книги #АхметБайтұрсынұлыныңҚанаттыCөздері